Талғат Қатауов педофилия баптарының бірімен қамауға алыныпты
Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарда өзін «қоғам белсендісі» деп танытып жүрген Талғат Қатауов қамауға алынғаны туралы жазылуда деп хабарлайды Democrat.kz.
Талғат Қатауовтың қамауға алынғаны туралы белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы өзінің парақшасында:
«2021 жылы мен «басшыларым күн бермейді» деп жылап жүрген Шардаралық Гүли Пердебай деген тәрбиешіні қорғап жүргенде Шардара Ауданының Білім Бөлімі сол кездегі басшысы Ақшагүл Бердалиева мен Гүли жұмыс істейтін бала бақшаның меңгерушісі сонау Батыс Қазақстан облысынан Талғат Қатауов деген «құқыққорғаушының» көмегіне сүйенген.
Шардарада біраз күн аунап-қунап жатқан Қатауов қайтар жолында Шымкент вокзалынан маған тікелей эфирмен үндеу жасап, «от салып жүрсің» деген сыңайда біраз күнәлар тағып, «ұят», «жігіттік» туралы мораль оқып кеткен (комментке қоям).
Құдайдың құдіреті ғой..
Жетім мен әлсіздің көз жасы алысқа жібермейтіні рас болса керек..
Сол жылы бала бақша меңгерушісі автомобиль апатынан қаза тапты.
Одан кейінгі жылы Ақшагүл Бердалиева пара алып, әлде басқа жемқорлық жасап қамалды (Неше жылға сотталғанын білмеймін).
Биыл осы ауданның Білім саласынан біраз былық ашылып жатыр екен..
Түркістан облысының білім саласынан жоғалған қаржылар кемі 2019 жылдан бастап тексерілуі керек..
Сол жылы Арыс апатына блогер боп келген Сәкен Қалқаманов облыс әкімінің білім саласына жауапты орынбасары, Рахымбек Жолаев Білім Басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған соң білім саласында небір сұмдықтар басталды ғой..
Онлайн оқу кезінде ноутбук алуға жұмсалған ₸миллиардтар сол күйі хабарсыз кетті (ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі / Агентство по финансовому мониторингу РК тергеп жатыр деп еді).
Кеше ҚК-тің педофилияға қатысты баптарының бірімен күдікке ілініп Талғат Қатауов қамауға алыныпты..
Қателеспесем, осы Талғат Қатауов деген Түркістан облысын ең алғаш Түркістан Облысының Білім Басқармасы н Рахымбек Жолаев басқарып тұрған кезде үйірсектей бастады..
Білім Басқармасы басшысы мен педофилияға қатысты күдікке ілінген адамның арасында қандай байланыс болуы мүмкін екенін ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК, Түркістан Облысының Полиция Департаменті анықтай жатар деп үміттенеміз, Мұрат Қабденов мырза. Мүмкін тағы біраз жәйттар ашылып қалар…» — деп жазды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.