Танымал тұлғалар мен блогерлердің жан даусы шыға бастады
ТикТок әлеуметтік желісінде басталған тренд қазақстандық танымал азаматтардың даусын қаттырақ шығара бастады деп жазады Democrat.kz.
Шерзат оқиғасына қатысты танымал блогер, әншілер, коучтар, кәсіпкерлер үн қатпады, солардың бәрінен «отписка» жасайық деген тренд жүріп бастады.
Трендтің басталуы мұң екен, танымал азаматтар бірінен кейін бірі үн қата бастады. Бірі Шерзат оқиғасына қатысты әділдік сұрап жатыр, енді бірі жұртқа өкпе артып жатыр.
Кешелі бері бірнеше блогер «біздің қолымызда не тұр?Не істей аламыз?» деп видео сәлем жолдауды бастады.
Алайда «жайшылықта халықпен біргеміз дейсіңдер. Халық Шерзат оқиғасынан кейін әділетсіздіктен қара жамылып отырғанда ешбірің мәу деп үн қатпадыңдар. Олай болса, сендей миллиондаған аудиториясы бар танымал адамнан түк пайда жоқ, «отписка!» дейтін видеолар көбеймесе, азаймай тұр.
Дәл осындай бастаманы Facebook әлеуметтік желісінде Айдар Бейсембай да көтерді. «Дұрыс. Менде ойланып содан, фб парақшамды бір қарап, билікке бүйрегі бұратын, онысын жымын білдірмей жүретін, типа нейтральный боп жүретін достарымды қарап, отписка жасасам ба деп…
Сондай 5-6 фб дос бар, көріп жүрмін.
Билікке ашулы, ызалы адамдардың ойын бөлу үшін, постты бұрқ еткізеді әдемілеп. Былайынша айтқанда бір арнаға қосылғалы тұрғандарды қоспау үшін, там-тұмдап өздеріне тарту, біріктірмеу амалдарын қарастырады бұлар… Жазғым келсе жазамын, ешкімнен ақша алған емеспін дейтіндеріде бар арасында ақшаны алып тұрып..» деп жазды Айдар Бейсембай.
Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.