Танымал тұлғалардың жаназасын мешітте шығару дұрыс па?

Әлеуметтік желіде танымал тұлғаларды мешіттен жаназасы оқытылып шығару туралы пікірталас жүруде деп жазады Democrat.kz.
“Мешіттен қайтыс болған белгілі тұлғаларды шығарып, ас беретін болыпты. Әйелдер мен еркектерге екі түрлі уақытта өткізіледі. Біз ислам мемлекетінде ме,әлде зайырлы мемлекетте тұрып жатырмыз ба? Конституция қайда қалды?” деп жазды қоғам белсендісі Нұрилә Әлменова өзінің желідегі парақшасында.
Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты оқырмандары түрлі пікір жазып, тіпті кейбірі “дұрыс” деген ойларын да жеткізіпті.
“Мешіттен шығарса не бопты?”
“Енді ,елге белгілі тұлғаларды,бұрынғыдай театр…мәдениет үилерінен емес,тек Мешіттен шығаратын,ас беретін болыпты”.
“Белгілі адамдарды жерлеуге өкімет қаражат бөледі, сонда бұл да мешіттерді финансировпние еткен болып тұр ғой, ол ақшаны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Бюджеттен ақша шығарып алудың жаңа әдісі ме?”
“Иә, бұлар үшін бизнес. Өткен жолы Мұхтар Әуезовтың ұлы,Мұрад Әуезовты, әкесінің атындағы театрдан шығаруға,мәдениет министрі рұқсат бермегені туралы Ермек Тұрсынов (өзі араласқан)ащына жазған.
Бұл іс президент арқылы шешілді деген.
Сол кезде А.Балаева Мұрат Әуезовты, мешіттен шығарыңдар деп айтты деген.
Бұлар сол кезде алдағы уақытта осындай қадамға баратынын білдірген.
Халықтың бойын мешітке үиретіп тәуелді қылу ойлары.
Бұлардың ойлары бірте-бірте ислам мемлекетіне қарай бұруға бет алған сияқты”.
Сіз қалай ойлайсыз, танымал тұлғаларды мешіттен шығарған жөн бе?
Фото көрнекілік үшін.