“Тәп-тәуір діннің талқанын шығардыңдар”

0
187

Депутаттар жазғы демалыстан келгеннен кейін, «қоғамдық орындарда хиджап, ниқап киуге болмайды» делінген заң нормасын қабылдауы мүмкін.

Бұған молда, имам, уағызшылар, сақалдары сыртына, «ішіне» өскендер кінәлі.

Садақа мен Пітірді көп алу үшін дінге кім болса соны кіргіздіңдер!

Бала, әйел, еркек, ешек зорлағандарды «қаласа құдай кешіреді» деп түрмеде қатарларыңа қостыңдар!

«Аллаһ кешіргенді кешірмейтін сендер кімсіңдер?!» деп соларды қорғадыңдар! Басқа сенім—нанымдағыларды «сутасқыны мен жердің сілкінгеніне кінәләп» қорладыңдар!

Шектен шықтыңдар, заңға бағынғыларың келмеді.

«Пара алуға болады» деп шатылдың бірің, «Шеше деген жүргіш» дедің екіншің, ұстанымыңды қолдамағанды «кәпір» дедің үшіншің..

Саудаға сақалдарың мен, қара ниқаптарыңды салдыңдар.

Жұрт басында сенді, соңы алданғанын білді.

Дінде жоқ адам заң бұзса қоғамда «норма» сияқты қабылданатынын ,

ал, дінде жүргендер заң бұзса өрескел көрініп —бірден көзге түсетінін білмедіңдер!

«Ертең бүрсігүні жерден Мәді шығады, аспаннан Иса түседі, қиямет жақын» деп, жұртты жаппай надан көргендерің қалай кетті?

Хор қыздары қосанарын айтқанда— сілекейлерің аға тыңдадыңдар.

Әйел құқығын шектеп қос— қостан қатын алдыңдар.

Кеше-ғана хиджабын шешкен әйел: «Браттарыңа» минет жасап, «сестраларыңмен» зина жасадыңдар!

Жұмыстарың біткесін әйелді онлайн талақ қылып, бірің екіншіңе сыйладыңдар.

Пиво ішіп, кальян шектіңдер.

«Браттар» мен таңға қыдырасыңдар..» деп отыр.

Сирияға барып қаңғығаның өз алдына.

Сендерді бюджеттен ақша шығарып алып келгені шығын болды.

Осының бәрін сендерге мен істеттім бе, айтыңдаршы ал?

Осындай «контингент» пен халифатты қалай құрмақсыңдар, а?

Тәп-тәуір діннің талқанын шығарған өздерің!

Өзгеден көрмеңдер!

Төртуыл ШОҚАН,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.