Тастанды балалар анасын сотқа берді

-Ұлым 2014 жылы қайтыс болды. Шешесі бір жігітті ұнатып, екі жылдан кейін перзенттерін бізге қалдырып , тұрмысқа шығып кетті,-дейді балаларды баққан апасы.
Сол үш баланың тұңғышы жақында 18 жасқа толды. Енді шешесін ана құқығынан айырып, алимент өндіріп беріңіздер деп аудандық білім бөліміне шағымданады.
Бізге балалар құқығын қорғайтын мамандардың біліктілігін арттыру керек. Заң факультетінде неліктен арнайы заңгер-қорғаншылық маманын даярламайды?
Қазіргі балалар құқығын жақсы біледі. Бірақ өз бетінше әрекет етуге рұқсат берілмеген. Кәмелетке толмағандардың жан-айқайын көбінесе ересектер елемейді немесе арыз сотқа дейін жетпейді.
Екі ұл, бір қыз 9 жылдан бері ана мейірімін көрмеді деп енесі мұңайды. Енді бұрынғы келіні “адвокат жалдап, үш баланы жетімдер үйіне өткізіп тастаймын” деп қорқытыпты.
Себебі , әйелдің екінші некеден тағы үш перзенті бар. Құжат бойынша көпбалалы ана. Шешесінен тірідей айырылып, ешқандай мейірім көрмедік деген үш баланың талап-арызы орындалса, көпбалалы ана үш баланың анасы деп танылып, жәрдемақыдан қағылады.
Күйеуі қайтыс болғанда 29 жаста екен. Қазір 39 жаста. Балалары мен енесінің пікірін тыңдадым.
Әйел үш перзентін қалай қиып кетті екен деген сұрақтың жауабын бағдарламада айтамыз.
Марқұм ұлының бала-шағасын бауырына басқан апасына жаным ашып кетті.
Жазира БЕГАЛЫ, журналист.
Фото көрнекілік үшін.