Тастанды сәби: Тастап кеткен шешені іздеудің керегі бар ма?

0
2399

Инстаграм парақшасында 44 жастағы Жанна есімді келіншек өзінің туған анасына іздеу салды деп жазады Democrat.kz.

«Есімім Жанна,44 жастамын. 1981 жылдың ақпан айында Қызылорда қаласындағы, 3-ші перзентханада дүниеге келіппін.

Туған анам мені сол перзентханада тастап кеткен екен.

Мені керемет жан асырап бақты. Өте еркелетіп,бар мейірімін берді.

2011 жылы баққан анам 69 жасында дүниеден озды.

Маған туған анамнан еш нәрсе керек емес, тек жанымда болса екен деп армандаймын.

Отбасына зияным тиеді десе, мазаламаймын.

Тек, мен кімнен туылдым екен деген ой мазалайды.
Қатты көргім келеді. Қолымнан келгенінше бар жақсылықты жасап өтер едім.

Мүмкін ол кісі де мені іздеп жүрген шығар деп ойлаймын.

Ол кісіге мен туралы ешқандай информация берілмейді екен. Қанша іздесе де мені таппайды. Себебі, өзі «отказ» жазып кеткен.

Туған анамның аты-жөнін ешкім білмейді. Менен «отказ» жазып кеткен. Перзентханаға бардым, сұрастырдым. Ешқандай ақпарат бере алмаймыз дейді. Заңға қайшы екен.

ЗАГС-ке бардым, архивтен қарадық. Мені баққан анам туған деп жазылыпты құжаттарда.

Жас болып, алданып қалған шығар. Өзімнің де басымнан сатқындық өтті, түсінемін! Бір жолықсам деген бала арман!» деген бұл жазбаға оқырмандар түрлі пікір жазуда.

Бірі — «тастап кеткен шешені іздеудің керегі жоқ», «сен керек болсаң, тастап кетпес еді» десе, енді бірі — «жастықпен қателік жасап, өкініп жүрген болар», «тауып, жолыққаның дұрыс», «не де болса, сені дүниеге әкелді ғой» деп пікір жазуда.

Фото көрнекілік үшін.