Телефонда ойын ойнатпағаны үшін анасын өлтірген

0
40

Ресейдің Мәскеу облысында 15 жастағы мектеп оқушысы анасын балтамен ұрып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сергиев Посад маңындағы Красная Сторожка ауылында 15 жастағы балаға анасы ұрысқан. Ол жасөпірімнің планшеті мен телефонын алып, компьютерде ойнауға тыйым салған екен. Өйткені жасөспірім сабаққа бармаған.

Кезекті жанжалдан кейін мектеп оқушысы анасының жатын бөлмесіне келіп, оның басынан балтамен бірнеше рет ұрған. Әйел оқиға орнында мерт болды.

Облыстық тергеу комитетінің мәліметінше, жасөспірімнің өзі полицияға мойындаған.

«Қазір тергеушілер онымен жұмыс істеп жатыр, кәмелетке толмаған баланың қылмысқа қатысы, басқа да объективті айғақтары алынды, барлық мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр», – делінген хабарламада.