Теріскейде шошқа тұмауын жұқтырғандар анықталды
Еліміздің солтүстігінде екі адамнан шошқа тұмауы анықталды. Инфекция жұқтырғандардың бірі мектеп оқушысы болса, екіншісі – әскери қызметкер, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Шошқа тұмауын жұқтырған екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмаған. Қазір олар ем қабылдап жатыр”, – деді дәрігерлер.
Бұл инфекция үй құстары мен шошқадан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады. «АШ1ЭН1» вирусына шалдыққан адамның басы мен бұлшық еті ауырады. Науқасты құрғақ жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі. Дәрігерлер аталған белгілер байқалған болса бірден емханаға жүгінуге кеңес береді.