Террактіге дайындалған радикал дін өкілі ұсталды

0
111

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтауда террактінің алдын алу туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 сәуірде Ақтауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстаған.

«Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Ол бұрын адам өлтіргені үшін сотталған, радикал діни идеологияны ұстанушы болып табылады», — делінген хабарламада.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Фото ашық дереккөзден алынды.