Тест. Басты уайымыңыз не?

0
190

Адамның сырт келбеті кез келген уақытта ішкі күйін жетік көрсете бермейді. Әркімнің өз уайымы, бас ауыртқан мәселесі бар. Сіздің де санаңыз алысқан нәрсе болса, төмендегі сурет арқылы анықтап көрейік. Бұл суреттен бірінші нені байқадыңыз? Мына тізімнен тауып, сараптамасын оқып шығыңыз және кеңесті ескеріңіз.

Пантера

Ең бірінші пантераны байқасаңыз, сіздегі күйзеліс қарым-қатынастан туып отыр деген сөз. Сүйіктіңізбен араңыз алыстап бара жатқанын сезіп жүрсіз. Бәрін қалпына келтіру үшін ең алғашқы кездесуді, сүйіктіңіздің риясыз күлкісін, сізге деген ықыласын білдірген кезін еске түсіріңіз. Бастысы – жылы сөз бен жылы шырай.

Арыстан

Қарапайым дүниені жасау (үй жинау, киім үтіктеу, көлік айдау, т.с.с) аяқ астынан күрделі боп кетсе, бір апта еңбек демалысын алған дұрыс. Бірақ бұл демалысты өзіңізге арнауыңыз керек. Эгоңызды осы суреттен іздеп отырғаныңыз, арыстанды таңдағаныңыз осыған дәлел болып отыр. Стиліңізді, шаш қою әдісіңізді, қажет болса (бар болса) көлігіңізді ауыстырсаңыз да ұтылмайсыз.

Зебра

Отбасыңыз – сіз үшін алдыңғы шепте және олар үшін жаныңызды бересіз. Тіпті, әрқайсысын ойлап, ұзақ уақыт көз ілмейсіз. Уайым жемеңіз. Оларға бағыт-бағдар беріп, сыртынан бақылап жүрсеңіз, олар да өз бетімен өмір сүруді үйренетін болады. Бәрінің басын қосып, болашаққа құрған мақсат-жоспарын біліп отырыңыз, осы әлдеқайда пайдалырақ.

Керік

Керік байқасаңыз, жұмыс пен қаржылық жағдайыңызды қатты алаңдап жүргеніңізді білдіреді. Бәсекелестік кез келген жерде болады. Қаржылық қысым да ешкімге оңай соқпасы анық. Технология дамыған кезде сізде заман талабынан қалмай, өзіңізді кәсіби тұрғыда дамытыңыз. Тегін курстарға барып, онлайн шеберлік сыныптарды қараңыз.

Көгілдір құс

Алдымен көгілдір құсқа көзіңіз түссе, өзіңізді жапанда жалғыз қалғандай сезініп жүрсіз дегенді білдіреді. Бұл қазіргі таңда орынды мәселе. Адамдар қолдарындағы құрылғымен тіл табысып, көңіл күйін «сары бауырсақтармен» білдіріп жатса, сіздің кінәңіз емес. Олармен сөйлесе алмай жатсаңыз, бетпе-бет кездесуге шақырыңыз. Альтернативті нұсқалар ұсынып, көп уақытты шынайы өмірге арнауын «өтініңіз».

Ала құс

Бұл құстарды байқасаңыз, сіз де жалғыздықтан құса боп жүрген адамсыз. Бірақ сіз ойыңызды, сезіміңізді айта алмай жүрген «жалғызсыз». Ешкімге сырыңызды бөліскіңіз келмейді. Неге? Қорықпаңыз. Отбасыңыз, достарыңыз сізді тыңдай алады әрі сізге кеңес береді, қиналғанда жаныңыздан табылады.

Міне, осындай сараптама. Сіз алдымен нені байқап едіңіз? Шынымен сәйкес келді ме? Онымен қалай күреспексіз? Ойыңызды жаза отырыңыз.