Тіліміз төрге шықсын десек, ұлттық мектепті көбейтуіміз керек

0
836

Дәл қазір статиска бойынша елдегі қазақтың үлесі ресми түрде 71% дан асты. Түркі тілдес туысқан ұлттарды қоссаңыз 80% дан асады.

Бірақ, елдегі баланың 67%-ы ғана қазақ тілінде білім алады. 33%- ы өзге тілде. Өзге тілде дегенде 30% -дан аса орыс тілі. 1-3 % шамада ағылшын, өзбек, ұйғыр, тәжік т.б тілде білім алатын бала бар.

Ең сұмдық көрсеткіш 25,4% баласы ғана қазақ тілінде 74,6% баласы білім алатын Солтүстік Қазақстан облысы мен 27,7% ғана оқушысы қазақ тілінде білім алып, 72,3% баласы орыс тілінде білім алатын Қостанай облысы. Бұл үлкен ойландыратын сұрақ.

Қостанайда Арқалық, Торғай секілді қазақы аудандар бар екенін ескерсек, Қостанай жағы сіресіп тұр деген сөз.

Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысы. Содан да болса керек солтүстік көршіміз ол жаққа орыс мектебін салуға құлшынып жүр. Жауап ретінде ана екі облысқа жақсылап ұлттық мектеп сап берер адам болса, ә, әдемі, сыпайы, мәдениетті жауап болар еді.

Тіл мәселесін желідегі дау емес, мектептегі бала шешеді. Ол үшін бәрімізге әрекет керек. Орыс мектептерді араласқа, аралас мектептерді қазаққа айналдыра беруіміз қажет.

Ал, ұлтқа дәл осы кезде ұлттық мектеп ауадай қажет. Істеп жатқан ісімізді қолдаушы болса жан жақты көрсетуге дайынбыз!

Төмендегі статиска дәл қазіргі геосаяси оқиға кезеңінде кез келген ойлы адамды селік еткізіп, ертең үшін ойланту керек.

Ал, біз ойланған адам көре алмай, бай дегеннің есігіне барып қолдау таба алмай жүрміз…

Бір кем емес, мың кем дүние!

Не істемек керек?

Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ, білікті ұстаз.

Фото көрнекілік үшін.