Титтей баланы 1,6 жасар сәби тістелеп, шайнап тастаған

0
2379

Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Гүлмира Әбіқай Қызылорда облысындағы сұмдық жағдай туралы жазба дариялады деп хабарлайды Democrat.kz.

“Мынау не сұмдық?! ҚЗО, Шиелі ауданындағы жеке бақшада 2 жасқа толмаған қызды  1,6 жасар сәби тістелеп тастаған. Тістеді деген жәй ғана, бөпенің денесінде сау тамтық жоқ, 25 жерден ет-терісімен қыршып алған.

Осы күйге жеткенше “Раяна” бақшасының тәрбиешілері қайда қараған?

“Камераны көрсетпей отыр, бақшадан ешкім скорый шақырмаған.  Спокойно баланы ата-анасына табыстап, бетін тістеп алыпты деп арқасындағы тіс ізі жайлы айтпады. Қолды-аяққа тұрмай шырылдаған баланың тістелмеген жері жоқ екенін  үйде денесін көргенде бір-ақ байқадым” деп жазады анасы.  Тістелген қыздың бақшаға барғанына небәрі 2-ші күн болған екен.

Денесі ауырғаннан  байыз  таппай шырқыраған сәби шошып қалған, 2 күн ұйқысыз өткізіпті. Сәбиге ем болсын, ал жауапсыз жеке бақша қызметкерлері заңды жазасын алуы тиіс!

Шиелі аудандық білім бөлімі: біз жауапты емеспіз депті арыз жазған аудандық полиция бармақ басты, көз қысты болып кете ме деп алаңдайды анасы.

Жапа шеккен отбасында 4 бала бар, әлеуметтік жағдайы мәз емес” деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Фото көрнекілік үшін интернеттен.