ТМД елдеріне қауіп қай тараптан төніп тұр?

0
90

ТМД қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысында қазақстандық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Достастық елдеріне төнетін қауіптер туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Өңірде және әлемде біздің елдеріміздегі жедел жағдайға елеулі әсер ететін оқиғалар болды. Терроризмге қарсы тиімді іс-қимылмен байланысты міндеттер кешені алдыңғы қатарда қалып отыр.

«Вилаят Хорасан» филиалының жер асты қызметі достастық мемлекеттеріне әлі де үлкен қауіп төндіреді. Соңғы террактілер топтың өз әлеуетін арттыруға және халықаралық назарын сақтауға ұмтылатынын көрсетеді.

Сонымен қатар шекаралық қылмыс, заңсыз көші-қон және қару-жарақ контрабандасының қаупі артып келеді. Есірткі бизнесінің жағдайы, әсіресе, синтетикалық заттардың таралуы біздің жіті назар аударуды қажет етеді.

Әр түрлі сын-қатерлерді күшейту бізден ынтымақтастықты жандандыруды талап етеді. ТМД елдерінің арнайы қызметтері қауіпсіздікті қамтамасыз ету және түрлі қауіп-қатерлермен күресу саласында тәжірибесі зор.

Бұл тәжірибе біздің көпжақты ынтымақтастығымыз аясында тиімді пайдаланылуға тиіс», — деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев.

Фото интернеттен алынды.