«… той жасамай-ақ қойыңыз» дейді әнші
Танымал әнші Ұланғасыр Қами «Бес жұлдыз» бағдарламасында өзін «халтурщик» деп сынаған сарапшыға жауап берді, деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
-Мына жерде, мына музыкадан қандай мәдениет көресің? Заманауи, өңдеуі күшті әнмен келген балаларға 4 қоясыздар. Мына жерде бәрі шайқап билеп жатыр ғой. Тойды жақсы көресіздер, — деген еді сарапшылардың бірі бағдарламада.
Ұланғасыр Қамидың сарапшының той туралы айтқан сөзіне жауабы дайын екен.
-Тойдың несі жаман? Той болып жатса Қазақстанымыз тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр деген сөз. Тойды қысқарту керек деген адамдарды да түсінбеймін. Қысқартсаңыз — өзіңіз той жасамай-ақ қойыңыз. Басқасы кредит алып жатса, өзінің проблемасы ғой. Әркім өзі біледі, өз шаруасы.
Екіншіден, егер сіздің де той туралы бір әніңіз хит болып кетсе, халық сол әнге билеп жатса, сіз бұлай айтпас едіңіз. Бұл әншілердің гонорарын көре алмайтын жанның әңгімесі, — деді әнші.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.