“Тойларының быт-шытын шығардым… кемпірмен түнеп шықтым” дейді “супер тамада”

0
3089

Жұртқа “супер тамада” атымен танылған той басқарушы асаба Сабыржан бір тойды қалай быт-шытын шығарғанын айтып берді деп жазады Democrat.kz.

“Бір тойдың быт-шытын шығардым. Тойды ашар-ашпас нағашыларға сөз бере салдым. Бұған ашуланған той иелерінің бірі “сен өзі бұрын той басқарғансың ба? Мынауың не?” деп тойды қалай басқару туралы ақылын айтты. Ол кісіні тыңдап алып, “дұрыс қой, солай істейін деп тұрмын ғой” деп “нағашылар сендерге “отмена” деп шығарып жібердім. Ұят жоқ қой бізде, түк болмағандай, сол үйдің жиеніндей “мынау немене” деп қойып ұялмай жүре бересің ғой”, – деген супер тамада алғаш тойда асаба болған кездерін еске алды.

Мұнан бөлек тамада Сабыржан: “Шешемнің алтын сақинасына сатып алған ақ костюм-шалбарым бар еді. Үстімде сол киімім бар, әлгі тойдың беташарын жасап біткен соң, ертеңгі тойға дейін демалу үшін бір қараңғы бөлмедегі төсекке қисайдым. Бір кезде жөткірінген дауыстан шошып кеттім. Сөйтсем, сол бөлмеде құлағы ауыр, науқас апа төсекте жатыр екен. Шошып кетіп, есікке қалтырап еңбектеп бардым ғой. Кейін біреуі апаның сал екенін айтты.  Сөйтіп сол күні сол кемпірмен бір бөлмеде түнеп шықтым” деп басынан өткен тағы бір оқиғаны айтып берді.

Фото интернеттен.

@shatyragangsta

SHATcast #50 | Алғашқы тойдың бытшытын шығардым🤯🤣🤣 Толық нұсқасы SHATYRAGANGSTA YouTube каналында✅ #шаткаст #шатыр #шатырсемей #жайдарман #jci #jaidarman #квн #тикток #Сабыржан #Сабыр #супертамада #тамада #асаба

♬ оригинальный звук – shatyragangsta