Тоқаев Al Jazeera телеарнасына сұхбат берді

0
71

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында қазақстандық мұнайды тасымалдаудың баламалы жолдары мәселесіне қатысты пікір білдірді.

 

Al Jazeera журналисі Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбатында S&P Global қазақстандық мұнайдың 80 пайызға жуығы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Ресейге жеткізілетінін айтқанын атап өтті.

 

Қалай ойлайсыз, мұны өзгерту керек пе? Бұл Қазақстан үшін стратегиялық осалдық па? — деп сұрады.

 

Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі, тікелей көршіміз және одақтасы екенін есте ұстауымыз керек. Бізде Ресеймен әлемдегі ең ұзын шекара бар. Сонымен қатар, біз Ресейге стратегиялық серіктесіміз ретінде сенеміз, атап айтқанда, біз КҚК-ға сенеміз. Өткен күні мен президент Путинмен телефон арқылы сөйлестім, біз ҚКП-ға мұнай тасымалдауды жалғастыруға қатысты мәселелерді талқыладық. Ресей арқылы Еуропа нарығына және одан тыс жерлерге, – деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.