Тоқаевтың үйі жұртты таңғалдырды

0
266

Мемлекет басшысы өзінің балалық шағы өткен аулада болды, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы juldyzdar_news-ке сілтеме жасап.

«Г» әрпі тәрізді төрт кіреберісі бар шағын үй қоршаумен қоршалған. Оның бойында ықшам ғана тұрақ – мұнда автокөліктер тек тұрғындарда кілті бар қақпа арқылы кіре алады; ауланың ортасында заманауи балалар алаңы мен отырғыштары бар жасыл алаң — президенттің балалық шағы өткен ауланың көрінісі осындай.

«Мынау терезе, екіншісі — үш терезе. Екі бөлмелі пәтер болды», — деп Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевқа бұрын оның отбасына тиесілі пәтердің терезелерін нұсқап көрсетті.

Қазақстан президентінің сағынышқа толы естеліктері мен жүзіндегі толқуды көрген желі қолданушылар жылы лебізін білдіріп, пікір жазды. “Әлемді басқарсаң да, балалық шаққа ойша саяхат еткенде жүзіңе ерекше сәуле құйылады”,

“Президентіміз біз секілді қарапайым екі бөлмелі үйде тұрыпты. Әкесі танымал жазушы болғанға баршылықта шалқып күн кешкен деп ойлаушы едім”, “Мәссаған! Тоқаев кәдімгі пәтерде тұрған ба?!” деген пікірлер аз емес.

Фото ашық дереккөзден алынды.