Топан судан 20-дан астам адам көз жұмды

0
152

Біріккен Араб Әмірлігінде толассыз жауған жауын салдарынан 1 тәулік ішінде 20-дан астам адам көз жұмды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Басым бөлігі Оман қаласының тұрғындары. Ал Дубайда жүздеген әуе рейсі тоқтатылды. Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде мұндай нөсер кейінгі 75 жылда 1949 жылдан бері болмаған. Мұншалықты көл-көсір судың жиналуына қалада дренажды қондырғылардың жоқтығы себеп болып отыр. Әмірліктерде жауын-шашын өте сирек жауатындықтан, суағар жүйе қарастырылмаған. Тіпті бұл ел кейінгі 3-4 жылда жасанды жолмен жаңбыр шақыру технологиясын қолданып отыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.