Төреғали әйелін неге таңдағанын айтты

0
256

Әлеуметтік парақшасына келіп түске сұрақтарға жауап берген әнші Төреғали Төреәлі “неге Толқынды жар етіп таңдадыңыз?” деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Ұлы дала баласы жар таңдауының барлығы тікелей тағдырға қатысты екенін айтты. Алланың қалауымен болғанын алға тартты.
Желі қолданушылары «жарасымды жұп», «ақылды тентек қой біздің», «күліп жүреді үнемі» деп жазуда.Ал кейбір желі қолданушылар Төреғалидың бір жауапты сансыз қайталай беруін “сөз таппай қалды, демек шынайы сүйіп үйленбеген ғой” деп пікір жазуда.

“Толқынды өмірлік серігім болады деп, адал жар болады деп өзім сүйіп таңдадым” деген жауапты ала алмағандар “бұлар сүйіп, ғашық болып үйленбеген” деп өз беттерінше қорытынды шығаруда.

Фото ашық дереккөзден алынды.