Төрт тоннаға жуық насыбай тәркіленді

0
153

Елордада тәркіленген насыбай  жойылды. Қаланың бес ауданында 500-ден астам сауда орыны тексерілді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Рейд барысында төрт тонна темекі өнімдері тәркіленді. 18 наурыздан бастап елордада темекі өнімдерін тәркілеу бойынша уәкілетті органдар бірлесіп, арнайы рейдтер жүргізді. Заңсыз тауардың басым бөлігі Байқоңыр ауданынан тәркіленді.

Самат Ибраев, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы: “Бұл шараға белсенді қала жастары, еріктілер, блогерлер, танымал медиа тұлғалар ат салысып жатыр. Жан-жақты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді”,- дейді.

Мағзұм Арсланбек, Астана қаласы мәслихатының депутаты: — Осы акция аясында тек рейдтік жұмыстар ғана жүргізілмей спорттық шаралар бар, марафондар бар, қандай да бір арт-выставкалар өткізілетін болады. Ең басты мақсатымыз – жастарға түсіндіру осы рейд мәселесі болсын, шегілмейтін өнімдер болсын оның зияны туралы. Аталған шара бірінші кезекте ұлт болашағы – жастардың денсаулығын сақтауға бағытталған.

Сергей Цырульников, ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми елшісі: — Мұндай жұмыстарды жиі жүргізу керек. Себебі қазір жастар арасында насыбайға тәуелділік артып барады. Біз саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Еске сала  кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда насыбайға құмар қазақстандықтарды сынға алған еді. Қазір бұл қауіпті үрдіспен күресу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Фото көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды.