Трамп әр жерден қашқан-пысқандарды АҚШ-қа енді кіргізбейді

0
70

Американың «эгоист» халқы Трампты президент етті. Енді гринкартаны саудалау, мұсылман елдерінен қашқандарды Мексика, т.б жолдар арқылы кіргізу тоқтайды.

Трамп мұны «Америкаға жолыболғыштар емес—таланттар керек» деп түсіндірді.

Украина&Ресей қақтығысын реттеуде Трамп

7 ші қараша күні әуелі Зеленский мен 20 мин телефон арқылы сөйлескен.

Сол күні Путинге де хабарласып— Европада АҚШ әскері тұрғанын, құрлықтағы конфликтіні келіссөздер арқылы шешу жолдарын ойластыра беруін қадап айтқан.

Иә, АҚШ технологиясын дамыту, бұ жолда ҚХР-ге тосқауыл қоюды Трамп өзіне басты міндет санайды.

Европа басшыларын алаңдатқан басты мәселе: АҚШ НАТО блогынан шығуы мүмкін.

Жә, ең қиыны Азия мемлекеттері, оның ішінде диктатура жайлаған— посткеңестік ұсақ мемлекеттер демократиялық құндылықтарды аз уақытқа ұмыта тұруына тура келеді.

ҚР-ның онсыз да баяу дамуы тежеледі.

Өйткені, санкциядан есеңгіреген РФ-пен ішегіміз байланған.

Шындықты айтқан аз-кем белсенділер қамалып, оларды құтқаруы тиіс халық түкке тұрғысыз мәселелерге мән береді.

Бұл олардың саяси сауатсыздығынан емес, қорқақтығынан.

Отарды бастайтын серке болмаса, қой байқұс таудың шөбі дәмін білмей өтері анық..

Уот, әркім өз жағдайын өзі жасамаса, алыстағы Америка бәрін жасап береді деген арманнан аулақ болған дұрысы, ағаеен..

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.