Тұғыры биік – Тұран

0
49

Тұран — Қазақстандағы алғашқы жеке университет. 2020 жылы университет қызмет көрсететін үздік кәсіпорын ретінде «Алтын Сапа» сыйлығын алған. Университетте 5 факультет бар: гуманитарлық-құқықтық, экономикалық, цифрлық технологиялар және өнер, дайындық және STEM ағылшын тілді бағдарламалар факультеті. 5 факультеттегі барлық мамандық иелеріне жоғары деңгейде білім беріледі. Осындай биік білім нәтижесінен университетімізден көптеген танымал, елімізде ойып тұрып орын алар азаматтар бітіріп шықты.

Сонымен қатар, «Тұран» университетінде жалынды жастарды қолдау мақсатында көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, ректор гранты. Бұл қазіргі таңда студенттер үшін үлкен көмек дер едім. Сонымен қатар, университетімізде жыл сайын  студенттердің бизнес жобаларын қолдау мақсатында үлкен кәсіпкерлердің қатысуымен жарыстар өтіп, жеңген студентке өз бизнесін бастауға қаржы бөлінеді. Бұлда қазіргі біз, жастарға үлкен мүмкіндік деп білемін. Сонымен қатар, Тұран-Еуропалық логистикалық қауымдастыққа (ELA) қабылданған Қазақстандағы алғашқы мекеме.

Өзінің студенттік өмірін жарқында, қызықты сонымен қатар пайдалы өткізгісі келетін әрбір түлекке «Тұран» университетін ұсынар едім.

Тұран — мүмкіндіктер әлемі!

Журналистика және репортер ісі кафедраснының

3-ші курс студенті Сағынбай Жансая