Түрік сериалдарын көрсетуге тыйым салынбақ

0
567

Ресейде түрік сериалдарын көрсетуге тыйым салынғалы жатыр екен. Себеп: сериалдарда түрік ерлерінің идеалды бейнелері көрсетіледі де, РФ қыз-келіншектерінің өз ер азаматтарына деген ықыласы төмендеп кетіпті.

Сериалдарда орыс ер азаматтары да кездеседі, бірақ олар тым төменгі сорттың адамдары бейнесінде — алқаш, өмірде жолы болмаған, бақытсыз жандар болып көрсетіледі дейді.

Біздегі сериалдар қандай екен, қарап жүргендер бар ма? Болса комментарийге пікір қалдырарсыздар. Бастапқыда мен де екі-үш сериялды қарағанмын, бірақ одан бері де бірталай уақыт өтті. Ең соңғы көргенім «Долина волков» сериалы еді.

Айтпақшы біздің Маңғыстауда Ер Тұғырылға арналған сериал түсірілгелі жатыр деп естідім. Ер Тұғырыл, естуімше, түріктердің Алпамыс, Қобыланды сияқты батыры. Неге бізде?

Себебі Маңғыстаудағы ескі қорымдарда қайы тайпасының тасқа қашап қалдырған таңбалары бар көрінеді. Ер Тұғырыл сол қайы тайпасынан екен.

Ертеректе осы тайпа Маңғыстауда бірталай жылдар (мүмкін ғасырлар) тұрған дейді. Қайылардың отаны көрінеді. Рас болуы ғажап емес, оғыз тайпалары бірталай жылдар осында тұрғаны анық қой, кейін қыпшақ тайпалары келіп ығыстырғанша.

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ, сарапшы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.