Түркияда топалаң: «Бұл — нағыз мемлекеттік төңкеріс қой!»

Кеше Түркия полициясы Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлыны тұтқындады. Ол Ердоғанның басты саяси қарсыластарының бірі саналады. Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге шақырған болатын. Оны жемқорлық ісі бойынша ұстаған.
Жақында Стамбұл университеті прокуратураның сұрауы бойынша Имамоғлының дипломын жарамсыз деп таныды. Ал заң бойынша президенттік сайлауға жоғары білімі барлар ғана түсе алады.
Имамоғлы сотқа жеткізілген, оның резиденциясында тінту жұмыстары өтті. Енді оны қамай ма, жоқ па, сот шешім шығаруы тиіс. 4 күнге қамауға алынады деген ақпарат шығып жатыр.
Оқиға туралы Өзгүр Өзел, “Республикалық ұлттық партияның” басшысы былай дейді: “Бұл нағыз мемлекеттік төңкеріс қой. Егер біз бұны тоқтатпасақ, онда енді әділ сайлау болмайды, тіпті мүлде сайлау болмауы мүмкін”, — дейді.
Стамбұл қаласында бірқатар көшелер мен орталық алаңдар уақытша жабылды. Жалпы Имамоғлымен бірге 100-ден астам адам тұтқындалған.
Түркияда «Республикалық ұлттық партия» өкілдері халықты жаппай наразылық акциясына шығып, биліктің бассыздығына қарсы тұруға шақыруда.
Кей тұста тәртіп сақшылары мен наразы топ өкілдері арасында қақтығыс болуда. Ақпарат көздері ірі акциялар түнге жақын басталатынын болжауда.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, саясаттанушы.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен.