Түркияда «жәбір көрген» қазақ жігіті түріктерге разы болды

0
728

ТикТок әлеуметтік желісінде  Түркияда жүрген қазақ азаматына «Кет, Қазақстаныңа! Келме, біздің елімізге» деп тиіскен түрік жігіттің әрекеті туралы видео тарады деп жазады Democrat.kz.

Видеода қазақ жігітіне киліге келіп, тиіскен түрік азаматы: «Неге келдің Түркияға? Кет, Қазақстаныңа! Келме, біздің елімізге»,- деп «едіреңдейді. Түкке түсінбеген қазаққа «аудармашы гуглға жазам, не айтқанымды» деп телефонын алады.

Осы сәтте қазақ жігіттің телефонын алып кетпек болған түрікті сонадай жерде осы жағдайды бақылап тұрған басқа бір түрік азаматы «телефонын бер!» деп айғайлап тоқтатады.

Бұған да көнбейтін әрекет танытқан әлгі «бұзақының» қолынан қазақ жігітін ажыратып алған «қорғаушы түрік жігіт» «бұл — қазақ, қазақтар- біздің бауырымыз. Неге бұлай тәрбиесіздік жасап жатсың?» деп дүрсе қоя береді.

Осы сәтте бұл видеоның пранк ретінде түсірілгенін айтқанда, жағдай түсінікті болды. Сөйтсек, қазақ, түрік жігіттері жұртты сынамақ үшін әдейі осындай видео түсірген екен.

Десек те, түрік азаматтары қазақты «бұзақыдан» қорғап, барынша шыр-пыры шыққанын видеодан көруге болады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.