Түркиядағы топалаң: Мыңнан астам адам қамауға алынды

0
150

Ыстамбұл мэрі және оппозиция өкілі Экрем Имамоғлудың тұтқындалуынан кейін Түркияда жаппай наразылықтар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

19 наурыздан бері жалғасып келе жатқан наразылықтар барысында 1133 адам ұсталды, бұл туралы 24 наурызда Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеді.

Түрік Медиа және құқықты зерттеу қауымдастығының (MLSA) мәліметінше, ұсталғандар арасында 10 фотограф пен журналист бар. Осыған байланысты Түрік бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіподағы (Disk-Basin-Is) бұл жағдайды “баспасөз бостандығы мен халықтың шындықты білу құқығына жасалған шабуыл” деп бағалады.

24 наурыз күні кешке Ыстамбұл мен Анкарада мыңдаған адам тағы да көшеге шығып, үкіметтің отставкасын талап етті.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған наразылықтарды айыптап, оларды “зорлық-зомбылық қозғалысы” деп атады. Ол бұл толқулар үшін Имамоғлу мүше болып табылатын оппозициялық Халықтық-республикалық партияны (НРП) кінәлады.

Еске салайық, бұған дейін Түркияның 15 миллионға жуық азаматы қамауға алынған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуды ел президенттігіне кандидат ретінде ұсынғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Ердоған Түркия билігінде 21 жылдан астам уақыттан бері отыр. Ол 2003 жылы премьер-министр, ал 2014 жылдан бері ел президенті болып келеді.