«Тұрмыста көрген қиындықтарымды дұшпаныма бермесін» дейді әнші

0
1855

Танымал әнші Бибігүл Төлегенова өзінің жеке өміріне қатысты біраз сырларымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

«18 жасымда тұрмысқа шықтым. Үйсіз-күйсіз, тауық кепе секілді кішкентай үйде тұрдық. Уақыт өте келе күйеуім ішкілікті көбейтті. Театрға келіп, шу шығаратын. Адал жар, жақсы келін болуға тырыстым. Тұрмыста көрген қиыншылығымды құдай дұшпаныма бермесін. Кір де жудық, көмір де жақтық, су да тасыдық. Күйеуім араққа салынып кетті. Ақырында екі баламды алып, одан қашып кеттім. Екі балам шешемнің қасында Семейде болды», — дейді бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова өзінің сұхбатында.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.