“Туыстар, қайын әпке, қайын сіңлілеріме үндеу жариялаймын” деген келіншек ренішін білдірді

ТикТок әлеуметтік желісінде шағын кәсіппен айналысуды бастаған түркістандық келіншек жан айқайын жеткізіп, әр қазақтың отбасындағы келелі мәселені сөз етті деп жазады Democrat.kz.
“Жақында үйде бос отырмай, тиын-тебен тауып, күйеуімнің табысына қосымша ақша табайын дегем. Сол ниетпен интернет-дүкен ашып, арзан аяқкиім сатуды бастадым.
Алайда басқа емес, ең бірінші менің бұл кәсібімді сынап, түрлі ауыр сөздер жазып, кемсіткен кісілер басқа емес, өз отбасымыздан шықты. Қайын сіңлім “бүйтіп сауда жасағанша, папа мен маманың жағдайын жасап, тыныш отырмайсың ба” деп пікір жазып кетіпті.
Не енді осы?! Неге басқа емес, ең бірінші жақындарымыз осылай аяқтан шалып, кежегемізді кері тарта береді. Неге тілеулес болып, қолдау көрсетпейді?” деп ашуланған кәсіпкер келіншек қазақтың ағайын-туыс арасындағы осындай бір келеңсіздікке ренішін білдірді.
Фото көрнекілік үшін.
@arzan_obuv_turkestan