Тылсым дүние: Онкологияның белгісі бар, бірақ бәрі таза

0
1012

Мен он жеті жасымда бата алғанмын. Қыз кезімде кім ,қай күні қайтыс болатынын, үйлерінде қандай жағдай орын алатынын айтып, кете беретінмін… Бала болып айтатын лақпа сөздер айдай орындалады ғой..

Студент кезімде,кім қандай қиындыққа ұшырайды, тізбектеп айтып отыратынмын. Дұрыс емес екенін қайдан білейін.

Екінші курста оңбай құлап, орынсыз болжамдарым үшін, жатып қалдым. Бір емшіге апарды, ол кісі он күнге жуық оқып, қызыңызды көп нәрседен шектемеңіздер, өз ортасына қарай жүрсін, тұрсын деп, бойдағы энергияны алған екен… Мықты емші аталып, елден көшіп кеткені бар.

Мария апай деген кісі еді…

Менде тылсым күшім азайып, бойым жеңілдеп, ырду-дырдуға ден қойып кеттім. Бірақ, тылсым әлем, сенде о бастан бар болған болса, түбі жойылмайды екен.

Түс көріп білетін, одан қала берді , көпшілік ортасына барсам, шырқыраған баланың маңдайын сипасам, сап тиылатын. Көрген түсім айдай орындалатын.

Түсімдегі жайттарды саралай бастадым, дұрысын айтып беретін ,түсті анық жорып бере аламын, неге көрінетінін айтамын.

Адамдарды қатты сеземін, пиғылы, іс- әрекетін, не істейін деп тұрғанына дейін пайымдай аламын бірақ, сонда да, дүкенімді қолыма алғым келмеді.

Әсіресе, публикаға ойнайтын, ішінен әлем айналмайтын, өте жаман адам көрсем, сезсем, ол кісі маған ештеңе жасамаса да, жаным жиырылып қалады.

Авария болдым, басқалай дүниелер… бәрінен аман қаламын, соңында жақында онкологиядан шықтым. Барлығы таза шығады, бірақ сол ауруға қатысты белгілер бола беретін…

Осы үлкен отадан кейін, біраз қасиетті жерлерді аралау керектігі туралы аян келді. Сонда мен адам қараудан қашады екенмін. Енді соны ұқтым.

Отыруға, жүруге жарасам, әулие мекендер аралап, кезінде алған батамды ұстап, амал жоқ, итке түкіретін болып жатсам (көзіккен баланы тұрғызуды солай атайды). Емші болып, көріпкел атанып жатсам, өзім де таңқалмауым керек.

Кішкентай балалармен жұмыс істейтінім де сондықтан еді менің. Бойымдағы барымды шығарамын, олар таза ақ парақ дейтінмін.

Болмайтын нәрсеге намыстанамыз. Ендігі өмірімді дұрыстау керек болып тұр. Қашқаннан құтыла алмайтын дүниелер де бар екен.

Құдай Тағала жар болсын ендігі. Негізі сену керек! Осындай тылсымды кекетіп мұқататынын естіген соң, ұстағың да келмейтіні рас. Одан сен және отбасың зардап шегеді екен.

Ауыртпалық адамға жайдан жай келмейді. Түп төркініне мән беру керек.

“Көп тілегі -көл” деген.

Еміме шипасын берсін!

Бұл күндер де ұмытылар.

Айнур Қадырбекқызы, биоэнергетик.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.