Уағыз айту — тәрбие емес, ол — дінді тарату
Мұғалімдер экстремизм туралы оқушыларына сабақ өтеді деген жаңалыққа байланысты, Democrat.kz. сайты әлеуметтік желіде ақпарат таратқан еді. Осы мақалаға орай оқырманымыз жазған осынау пікірді жұрт назарына ұсынуды жөн көрдік.
Негізінде бұл дұрыс жағынан қозғалып жатқан мәселе. Діннің қараңғылық екенін мұғалімдер айтса баланың санасына тез сіңеді. Балаларымыздың жарты күннен артық уақыттары сол мектепте өтеді.
Мысалы, мен балаларыма тәрбиелік мағынасы бар әңгіме айтсам, балаларым мектептен келгенде апай не/се ағай тура сол мен айтқан нәрсені айтты деп келеді.
Мен саған алдында айттым ғой десем, жоқ оны мұғалім айтты деп бой бермейді. Сонда ата-анасының айтқанынан қарағанда, сол мұғалімнің айтқаны естерінде жақсы қалады.
Не үшін ұстаз екінші анаң деп бізге айтып өсірді. Тағы бір мәселе, алтыншы, жетінші сыныптардың тарих кітаптарында. Осындай хан осындай жылы дінді қабылдап, елімізге енгізген дегенді өзім оқыдым.
Кітапты басып, оны тексеріп шығарып отырған жерде дінді тарататын адамдар отыр деген сөз. Ата-аналардың да кінәсі бар. Өздері дінмен уланғандарына қарамай, балаларының да санасын улауда.
Қазір екінің бірінің аузынан Алла разы болсын, Алла қаласа, деген сөздер түспейтін болды. Ата-бабаларымыз. Құдай, Тәңір деген сөздерді қолданған. Әркімнің Құдайы жүрегі мен санасында болу керек.
Уағыз айту ол тәрбие емес, ол дінді тарату. Егемендік алғалы мешіт пен медреселер саңырауқұлақтай көбейді. Бүйте берсе соңы Ауғанстан, Сирия, Пәкістан елдерінен кем түспейтін дәрежеге жетіп, соғыстан көз ашпайтын қайыршы елге айналмауымызға кім кепіл бола алады.
Улан Айтбатыр әлеуметтік желіде жазған пікірі.
Фото интернеттен алынды.