ҰБТ-да 12 мың сұрақтың жауабын жаттату — балаға жасалған зорлық емес пе?

Жоғарғы жақта ылғи халық жаулары отыр ма деп қаламын. Неге десеңіз, соңғы 7-8 жылдың шамасында ҰБТ-ны күрделендіріп жіберді. Бұрын оқушы тест сұрағының ішінен бір жауапты ғана таңдайтын. Кейін көп жауапты тапсырмаларды да енгізді.
Бұрын тарихшы болғысы келетін оқушы дүниежүзі тарихын таңдаса жеткілікті еді. Енді соған география мен ағылшынның бірін қосып қойды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғысы келетін түлектер қаншама жылдан бері еріксіз қазақ әдебиетін таңдап жүр.
Сөйтіп, мектеп бітірушілер өте ауқымды ақпаратты игеруге мәжбүр болып отыр. Жаңартылған білім мазмұнына көшкелі, сабақта бұрынғыдай кітаптағыны егжей-тегжейлі қарастырмаймыз.
Соған орай, тарихшы болатын оқушы дүниежүзі тарихын таңдаса да жеткілікті ғой. Бірақ мұны ойлап жатқан ешкім жоқ.
Қазақстан тарихының өзінен оқушы кемі 4000 сұрақтың жауабын білуі керек. Бұған дүниежүзі тарихы мен география қосылса, ең кемі, 12000 сұрақ болады екен.
Күнде сабақ беріп жүрген мұғалімдердің өзіне де сонша ақпаратты есте сақтау-оңай емес.
Бұл, сайып келгенде,балаға жасалған психологиялық зорлық. Бір жағынан, оқушылардың денсаулығына да зиянын тигізіп жатыр десек болады.
Серік МАРКСҰЛЫ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.