Үйіңіздің нөмірі өміріңізге әсер етеді

0
282

Нумерологтар тұратын үйіміздің нөмірі біздің өмірімізге әсер ететінін айтады. Оны білу үшін төмендегідей етіп, алдымен үйіңіздің нөмірін есептеп шығарыңыз.

Мысалы, үй нөмірі  14 болса, 1+4 етіп, 5 деген жалғыз санды шығарасыз. Немесе 215 болса, 2+1+5 етіп, 8 санын шығарасыз. Ал егер мысалы, үйіңіздің немесе пәтеріңіздің нөмірі 336 болса, 3+3+6 деп, 12 саны шықса, осы 12 санын 1+2 етіп бір біріне қосып, жалғыз сан шыққанша бір біріне қосасыз.

 1 саны

Мұндай үй шығармашылық адамдары үшін өте ыңғайлы мекен. Алайда 1 санындағы үйде ерлі-зайыптылар арасындағы байланыс дұрыс бола бермейді.  Мұндай үйде үнемі тазалық сақталып, басы артық жихаз алынбаса, үйдің энергетикасы керемет болады.

2 саны

Мұндай үйдің тұрғындары арасындағы қарым-қатынас өте жақсы болады. 2 санындағы үйде жаңадан үйленгендер тұрса, алдағы өмірлеріне жақсы жағынан әсер етеді. Үй гүлдерінен ақ және алқызыл түстілерін таңдағаны жөн.

3 саны

Үш саны үйдегі керемет энергетиканы білдіреді. Мұндай үйде адамның көп тілегі орындалып, қуанышты сәттері жиі болады. Үй гүлдерінен сары, күңгірт түсті гүлдер тиімді әсер етеді.

4 саны

Егер үйіңіздің саны 4-ке тең келсе, құттықтаймыз! Мұндай үйде тұрсаңыз, қызмет барысында үлкен жетістікке жетесіз. Алайда жұбайлық қатынасқа кері әсер етуі мүмкін. Сол себепті үй гүлдерін көптеп өсірген дұрыс. Ал есіктерді ашық түспен бояса, тіпті жақсы болады.

5 саны  

Өмірлік серігін адаспай табамын дегендер үшін 5 санындағы үйдің энергетикасы жақсы көмектеседі. Үнемі ақшалы жүруге де бұл үйдің аурасы ықпал етеді.

6 саны

6 санындағы үй тыныштыққа, тұрақтылыққа арналған. Мұндай үйдің тұрғындары арасында сүйіспеншілік те шынайы болады екен.ең бастысы, мұндай үйде тұратындар жеке амбицияларын ұмытып, отбасылық бақыт үшін үлес қосса, жеткілікті.

7 саны

Жалғыздықты жаны сүйетін кісілер үшін 7 санындағы үй өте ыңғайлы. Жазу, сурет салу, ғылым секілді жұмыспен айналысатындарға мұндай үй таптырмас мекен. Алайда 7 санындағы үйдің тұрғындары ақша жағынан таршылық көруі мүмкін. Сондықтан үйдің ішін ашық түсті заттармен безендіргені жөн.

8 саны

Байлық пен мансап иесі болғыңыз келсе, 8 санындағы үйді таңдаңыз. Мүндай үйдің тұрғыны ешқашан ақшасыз қалмайды. Тек мұндай үйге жиі-жиі қонақ шақырып тұру керек.

9 саны

Бұл үйдің тұрғындары үлкен ақыл иелері. Мұндай үйдің адамдары айналасына дұрыс ақыл айту қасиетіне ие. Сонымен қатар 9 санындағы үйде ақша үзілмес үшін қызыл, жасыл түсті гүлдер өсіргені дұрыс.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.