«Ұлы бар ата-анаға» үндеу жолдаған әнші ескерту де жасады

0
600

Отандық танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым ұлы бар ата-аналарға  үндеу жолдады, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы әншінің Инстаграм парақшасына сілтеме жасап.   

“Қызы бар аналар осыдан кейін қалай күйеуге ти! күйеуге ти! — деп қалай айтасыздар?
Ұл тәрбиелеп отырған аналар, қыздарымызды аяңдаршы!
Дәл сіздің ұлыңыз менің қызымның ортасы, жігіті, класстасы, күйеуі болуы мүмкін.

Құрметті қызы бар аналар қандай да ұл бала қыздарыңызға жағымсыз сөз айтып, шашынан тартқанын мектепте, аулада, балабақшада болсын естісеңіз шу көтеріңіз!!!
Шешелеріне ескерту болсын!

Біреудің ұлының тәрбиелі болуын айқай шығарып болсын, мектептен, садиктен болсын талап етейік, тәрбиелейік!!!
Басқа амалымыз жоқ!!!

Сенен басқа қыз тумағандай жазбашы дейтіндер айтарым! Иә, қыздың анасы болу ең үлкен бақыт, өкінішке қарай ең үлкен қауіп болып тұр қазіргі заманда.Түсінбей осы постымды даттаған аналардан қорқыңдар!

Қыздарымыздың қасында охрана жүретіндей жағдай жасайық аналар!
Менің мақсатым сол.
Сақ болсаң, сақтаймын дейді!
Сенгеннен, сенбеген абзал заман болды”,- деп жазады әнші.

Алайда Жарқынай Ханайымның бұл жазбасына ұлы бар кейбір бар ата-аналар қарсы шығып “қыздар да оңып тұрған жоқ” десіп жатыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.