Ұлытауда — жаңа әкім

0
124

Президенттен тапсырма алған премьер-Мһминистр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысып, аймақтың жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына  Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынған.

«Ашық дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековтің кандидатурасын қолдаса, 15 депутат өз дауыстарын Ұлантай Үсеновке берген.  Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Дастан Адайұлы Рыспековті Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды», — деп жазады үкімет.

Премьер-министр облыс активімен кездесуде Берік Әбдіғалиұлына өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа әкімді таныстырды.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Ұлытау облысы басшылығының алдында экономиканы әртараптандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ экология мәселелерін шешу, көлік және туристік әлеуетті барынша дамыту бойынша маңызды міндеттер қойғанын атап өтті.