Үш жылдан соң қазылған мәйіт шірімеген, бүлінбеген

0
2895

ТикТок әлеуметтік желісінде Меңдеш Әбу атымен тіркелген діншіл жігіт Мәдинадағы зиратты аралап, қызықты мәліметпен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

«Бұл жақта күн өте ыстық. Мына жатқан мәйіттер бірнеше жылдан кейін шіріген соң, үстіне келесі бір мәйітті көмеді. Алайда шахидтерға келетін болсақ, олардың өз белгілері бар. Ютубта араб жігіттің айтқаны бар еді, бір қабірді қазғандарында, мәйіт бұзылмаған күйде қалыпты. Кейін сол қабірді үш жылдан соң қайта қазса, әлгі мәйіт әлі сол күйі бұзылмаған күйі жатыр екен. Шахидтердің сондай өз белгілері болады», — дейді Меңдеш Әбу.

Меңдештің бұл видеосына қатысты жұрт «ересек адамсың, баланың сөзін айтасың», «шахит өлмейді, менің көршім шахит болып, 14 жылдан кейін голый боп қайтып келген», «шахид шірімесе, әдемілеп киіндіріп, үйінің бір жеріне қойып қоймай ма?», «ленин де шахид шығар», «Машаллаһ бізде шахит болсақ қой Алланың жолында күрессек бізде шахит боламыз ИншаАллах», «Шахидтердіңғана емес аулие,сахаба,пайғамбар,алланың сүйікті құлдарының денесі шірімейді» деген пікірлер жазуда.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото интернеттен алынды. 

@mendesh_abu

♬ оригинальный звук — Mendesh_abu