Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қанша теңге өтемақы беріледі?
Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айтуынша, әуе апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қолдау көрсетіледі.
Сондай-ақ кепілдендірілген мемлекеттік төлемдермен қатар, демеушілер мен жұмыс берушілер тарапынан көмек қарастырылған.
«Жергілікті құрылым желісі бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен бірігіп жұмыс істейміз. Әрине, бірреттік көмек көрсетіледі. Қандай көлемде болатыны қазір анықталып жатыр. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге қатысты айтар болсам, республикалық бюджеттен әр отбасыға сәйкес төлемдер жүзеге асырылады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде төлем болады. МӘСҚ бойынша 257 мың теңге төленеді. Бірреттік төлем – бес млн теңге», — деп нақтылады Ақмәди Сарбасов.