Ұстаз болсаңыздар, өте ұят нәрсе жасап отырсыздар

0
6063

“Мақсатты мектеп” туралы жазып едім, ұстаздардың сондай жауаптарын көріп, көңілім құлазыды. Осы салада ұстаз болсаңыздар өте ұят нәрсе жасап отырсыздар.

Таяқтың екі ұшы бар емес пе? Неге ұстаздар бір-бірінің сөзін құптай жөнеліп, жақсы жасалған дүниені, еңбекті көргісі келмейді? Неге ұстаздар сол модульде тұрған дүниені игілігіне жұмсап, өзгертіп жақсы жағына пайдаланғысы келмейді?

Заңды ма, заңсыз ба ол жағын мен білмеймін.Бірақ жақсы әдістемелік тапсырмалар бар ғой. Білген адамға көмек қой.

Ал ұстаздың уақытына келсек, әркім өз уақытының қожайыны.Менің айтарым, сол модульдегі тапсырмаға қарап, солай жасап немесе өзгертіп, идея туғызуға болмай ма?

Қате толып жүр деген әріптестеріме сол жерде сіздің пікіріңіз дегенге жазсаңыз болмай ма? “Болар елдің балалары бірін бірі батыр ………” дейді емес пе?Неге ұстаздар бірін- бірі мойындағысы келмейді?

Әр түрлі кемсіткен ұстаздарға айтарым, мен жеткен жетістікке, мені мойындап, сыйлайтын оқушы мен ата- ана сіздерге бұйырсын деймін.

Егер ұстаздық жолында аянбай еңбектеніп, адал жүрегіңмен баланы жақсы көріп, балаға жаның ашып, баланың орнына өзіңді қойып, балаша ойлап, балаша көңілін түсінсеңіздер мұндай дәрежеге түспес едіңіздер.

Сіздердің желіде желдей ескенде сіздердің жазбаңызды оқушылар, ата- аналар оқымайды ма?

Сіздер артыңыздан қандай ұстаз тәрбиелеп, қандай шәкірт тәрбиелейміз деп отырсыздар.Себебі жазбадан кейін міне үшінші күн болды әлі пікірлеріңіз сол қалпы. Ұстаз емессіздер ме?

Ұстаз деген үйренуші және үйретуші емес пе?

Мереке КЕНЖЕБЕК, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.