В.Зеленский мәлімдеме жасады

0
121

Украина президенті Владимир Зеленский Украина соғыстың жаңа кезеңі алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін соғыстың 800-ші күні. Бұл біздің мемлекетіміз өтіп келе жатқан өте ауыр әрі соқпақты жол. Соғысты әділ жағдайда, Украина жағдайында аяқтау міндеті тұр.

Біз қазір соғыстың жаңа кезеңінің алдында тұрмыз. Оккупант шабуыл әрекеттерін үдетуге дайындалып жатыр, — деді Украина президенті Хмельницкийге сапары кезінде шекарашыларға жасаған үндеуінде.

Зеленский барлық украиналықтар, сондай-ақ елдің одақтастары Ресейдің бұл жоспарын бұзу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек деп атап өтті.

Ресей шабуылы

Қаңтар айында Financial Times Ресей әскері жазда Украинада кең ауқымды шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Басылымның дереккөздері Ресей 2022 жылы қосылған Украинаның төрт аймағының қалған аумақтарын басып алуға тырысады деп жазған.

Зеленский CBS News-ке берген сұхбатында Ресейдің жаңа ірі шабуылы мамыр айының соңында немесе маусымда басталуы мүмкін екенін айтты.

Украиналық барлау басшысының орынбасары Вадим Скибицкий The Economist басылымына берген сұхбатында Ресей Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков және Сумы облыстарын басып алуға дайындалып жатқанын айтты.

Фото ашық дереккөзден алынды.