WhatsApp-та тағы бір шектеу қойылды

0
51

WhatsApp мессенджері қолданушылардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа мүмкіндікті іске қосты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Қосымшаны пайдаланған азаматтар оны жаңартқан кезде жаңа қорғаныс шарасы пайда болғанын байқаған. Яғни, кез келген адамның профилдегі фотосуретін скриншоттауға шектеу қойылған.

Скрин алып үлгеруге тырыссаңыз да, WhatsApp бұл мүмкіндікті автоматты түрде бғаттайды. Экранда белгіленген шектеулерге байланысты әрекетті орындау мүмкін емес екені хабарланады.

Осындай тыйымды экранды видеоға жазып алуға да салынған.

Жаңа функция пайдаланушылардың жеке деректерін қорғауды күшейтуге бағытталған. Әзірлеушілер профильдік фотосуреттерді үшінші тараптардың жүктеп алуына және таратуына жол бермеуге тырысады.

Фото интернеттен алынды.