Яссауидың ұлты өзбек пе?
ТикТок әлеуметтік желісінде қазақ-өзбек талас-тартысы болып жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Әндіжандық Жора деген тіркелуші бірнеше күннен бері «Яссауи, Ибн Сина, Әл-Фараби, Бабыр, Баһадүр, Әмір-Темір, Ұлықбек, Бируни — өзбектің ғалымдары мен батырлары» деп жұрттың қытығына тиіп отыр.
Бұл аздай, «қазақтардың өз батырлары болмаған, монғол батырлары болған. Атақты ғалымдар да, батырлар да өзбектен шықты» деп отқа май құя түседі.
Мұндай жазбаларға ТикТок қолданушы қазақтар қарап қалсын ба, әрқайсысы өз білген тарихын айтып, тартысқа түсуде. Бірі «жоқ, бұл жалған дерек» десе, енді бірі «ол кісілер түркілер болған» дейді.
Мынадай тартысқа күйіп кеткен бірі «Амилайды да өзбек етіп алыңдаршы, бәрі сендердікі болсын» деп, шорт кесіпті.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.