«Зәкеңді мүлде жақсы көрмегем» деген әнші Мақпал сырын ашты (ВИДЕО)
Журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әнші Мақпал Жүнісова өзінің Заманбек Нұрқаділовпен қалай отбасын құрғанын бүге-шігесіне дейін айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Сұхбат барысында әнші өзінің Заманбек Нұрқаділовке ешқашан ғашық болмағанын айтып: «Кеткен еркекті ешкім ұстап қала алмайды. Мен ол кісіге есігін қағып, «мені ал» демедім.
Ол маған ғашық болды. Мен ол кісіге ғашық та болмағам, жақсы да көрмегем. Ол мені жақсы көрді де, өз қалауын жасады. «Шешең берсе де, бермесе де сені алам» деді, болды.
Қолында билігі болды, артында біз қорқатын адамдары болды. Біз одан қорқатынбыз. Арамыздағы сыйластық кейін пайда болды. Ол кісі орнынан түсіп қалғанда кетіп қалмадым.
Намысым жібермеді. Халық айтпай ма «қолындағы билігі кетіп еді, тастап кетті» демей ме? Ол бай адам да емес еді ғой. Байлығына қызықты дейтін. Өз ақылымен, білімімен билікке жеткен кісі ғой.
Зәкеңді ұстағым келсе, бірден ЗАГС-ке барар едім ғой. «Әңгімеміз жарасса — тұрамыз, болмаса тұрмаймыз» дедім. Мені 1991 жылы апарып үйіне кіргізді. 1998 жылы ғана мен ол кісімен заңды некеге тұрдым.
Кететін еркек осы жылдарда кетіп қалар еді. Мен оны байлап қоймадым. Зәкеңді қаншалықты жақсы көргенімді одан айырылғанымда бір-ақ білдім» — деген әнші Зәкеңнің мінезіне көпке дейін көне алмағанын да жасырмады.
Фото видеодан скринделіп алынды.