Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда

0
77

Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғастыруда деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы ресми органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды.

Активтерді қайтару жөніндегі комитет Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.

Сонымен қатар, бейінді Заңның мақсаттарына сәйкес келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатын болады.

Фото ашық дереккөзден алынды.