Зейнеткер терезеден секірмек болған
Өскемен қаласындағы Әл-Фараби көшесінде төтенше жағдай тіркелді. Құтқару қызметінің 112 желісіне 1955 жылы туған әйелдің терезеден секіруге оқталуы туралы хабар түскен, деп хабарлайды Democrat.kz. ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, психолог және жедел жәрдем қызметі шұғыл жетті.
Психолог әйелмен байланыс орнатып, жағдайын тыңдап, қолдау көрсетті. Нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрі жылдам әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман қалды», — делінген хабарламада.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.