Зеленский көмек сұрады

0
213

Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтондағы президенттік қор мен Рональд Рейган институтында сөйлеген сөзінде НАТО-ны шешуші әрекетке көшуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол одақтастарына АҚШ-та қарашада өтетін президенттік сайлауды күтпестен қазір көмек көлемін ұлғайту керегін түсіндірді.

«Көлеңкеден шығып, әрекет ететін және қарашаны немесе басқа айды күтпейтін уақыт келді. Ол үшін біз мықты әрі сынбауымыз керек. Барлығымыз бірге. Әсіресе, АҚШ», — деді ол.

Владимир Зеленский АҚШ-ты Ресей аймағына америкалық қарумен соққы жасау бойынша кез келген шектеулерді алып тастауға шақырды.

Bloomberg хабарлағандай, Зеленский НАТО-ға мүше елдер Украинаны Альянсқа қабылдауға асықпайтынына шағымданды.

Фото интернеттен алынды.