«Жайлы мектепте» жайсыз жағдай орын алды

0
1180

Шымкент қаласындағы №140 мектепке қатысты ата-аналар тарапынан түскен шағымға байланысты арнайы барған журналистер заңсыз әрекетке тап болды деп жазады Democrat.kz.

«Жайлы» деген аты бар бұл мектептің жайсыз жақтарын байқаған ата-аналар HAN.TV арнасына хабарласқан.

«Мына мектепке балаларымызды ауыстырғанымызға өкініп отырмыз. Балалар 1-2 сабақ қана өттік деп келеді. Пән мұғалімдері түгел емес» деген ата-ана Мәденова Гүлбақыт мектеп директорының да жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізді.

Осы мәселеге байланысты мектеп директорымен сөйлеспек болған арна тілшілері ұятты жағдайға тап болды. «Ұятты» дейтініміз, «Жайлы мектептің» директорларынан бастап, қызметкерлеріне дейін заңнан хабарсыз екендерін көрсетті.

Ә дегеннен «кіруге рұқсат жоқ», «рұқсат қағазбен кел» деген мектеп директоры журналистерге завхоз, завучтарымен «жабылды».

ҚР БАҚ туралы заңның 18,20-баптарын алға тартқан журналистің өзінен «ондай заң бар ма?» деп сұраған білім саласының мамандары «Жайлы мектепте» кімдер қызмет етіп жүргенін дәлелдеп бергендей ме, қалай?

Жайлы мектебінде болып жатқан жайсыз жағдайлар туралы жалпақ жұртқа тарамасын деді ме, әлде расымен де хабарсыз ба, әйтеуір бұл мектептің директоры кабинетіне кіргеннен кейін қарасын көрсетпеді.

Мектебі талапқа сай жайлы болса, талапқа сай білімдерін беріп жатса, директор кабинетіне кіріп, завхоз, завучтарын тілшілерге жұмсар ма еді, қалай ойлайсыз?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото видеодан скринделіп алынды.

@han_tv_

#рек #шым #шымкент #астана #президент #антикор #білім #директор #аудит #сэс #астана #шымкентский #акім #шамшиева #шамшиеванұргүл #хантв

♬ оригинальный звук — “𝐇𝐀𝐍-𝐓𝐕”ТЕЛЕАРНАСЫ

@han_tv_

#рек #мектеп #қазақстан #мұғалім #рек #антикор #сэс #прокуратура #шамшиева #мектеп #білім #кітап #атаана #оқушы #бала #білім

♬ оригинальный звук — “𝐇𝐀𝐍-𝐓𝐕”ТЕЛЕАРНАСЫ