Жайлы мектептің мұғалімдері қоқыс теріп, көшеде жүр (ВИДЕО)

Facebook әлеуметтік желісінде белсенді ұстаз Айман Сағидулла көшеде қоқыс жинаған мұғалімдерді көргенін, оларды видеоға түсіріп алғанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.
“Ғани Бейсембаев мырза! Мына видеоны мен түсірдім. Кеше жолда кетіп бара жатып, трассаның бойында қоқыс жинап жүрген мұғалімдерді көрдім. Қарасай ауданы , Қаскелең қаласы, “Жайлы мектеп”.
Видеода трасса анық көрінген.Суретте де, видеода да мектептің ауласы мүлде алыс. Мектеп қоршауына назар аударыңыздар.
Оның үстіне мұғалімдер тал отырғызып жүрген жоқ, кәдімгі қоқыс теріп жүр. Мұғалімдердің қоқыс жинап жүрген жерлері мектеп ауласына кірмейді. Трассаның бойы.
Біз осы үшін көп жыл күрестік. Қаншама денсаулығымыз кетті. “Педагог мәртебесі ” заңы бойынша мұғалім білім беруден басқа жұмысқа тартылмауы керек. Сенбі күні.
Мұғалімдерге жалақы жүрмейтін, заңды демалыстары. Өкінішке орай , олар қоқыс теріп жүр. Көрдім де ,ауырып тұрсам да заңсыз әрекетке шыдай алмадым. Видео 26 сәуір 2025 жылы сағат 10 шамасында түсірілді.
Ғани мырза! Жайлы мектебіңіздің жайы осындай.
Майра Мелдебекова ханым! Мына мәселеге қашан нүкте қойылады? Директоры “Педагог мәртебесі” заңын бұзып отыр. Жазалануы тиіс. Егер заңды сыйлайтын болсаңыздар,
Мен ауырып тұрғандықтан бұл іске араласқым келмеген еді. Араласуға мәжбүр болдым.
Неше түрлі нөмірлерден жазып, әлеуметтік желіде жарияланған видеоны алып тастауымды талап етіп отыр.
Тіптен бір мұғалім сотқа беретін айтты. Тағы бір нөмір кім екенін айтпай, “Видеоны өшір” деп талап етуде. Заңдарды жазыпты.
Сонда менің бұл видеоны алып тастауымды талап етіп отырған жасырын адам кім? Неге аты-жөнін айтпайды? Мазамды әбден алды.
Құрметті жайлы мектеп директоры! Заңсыз әрекет жасағаныңыз рас. Ешкімнен жасыра алмайсыз. Мұғалімдерге қоқыс тергізуге құқығыңыз жоқ.
Сенбі күні жұмысқа шақыруға да құқығыңыз жоқ. Кеше сіз мұғалімдердің құқығын таптадыңыз. Көшеде қоқыс жинап жүрген мұғалімдерді көріп, жаным ауырды. Заңдасу керек болса, заңдасамын.
Құрметті әріптестер! Достар! Не істейміз?
Заңсыз сенбіліктің видеосын жариялағаным үшін сотқа беретін болып жатыр.
Соттасамыз ба? Мұғалім қолбала емес!
Мұғалімдерді сабақ беруден басқа жұмысқа жұмсауды, әсіресе қоқыс тергізуді тоқтатыңдар!” деп жазды белсенді мұғалім Айман Сағидулла.
Фото видеодан скринделді.