Жайықтағы жағдай жақсы емес

0
84

Сарапшылардың айтуынша, Жайық өзенінде су деңгейі қауіпті деңгейден 14 сантиметрден асқан, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» мекемесі Жайық өзеніндегі су деңгейі 8,64 метрге жетіп, қауіпті деңгейден 14 сантиметр асып кеткенін хабарлады.

Жергілікті құтқарушылар өзендегі су деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін екенін болжайды.

Бұған дейін Оралда су деңгейі қауіпті белгіден асып кеткені хабарланған болатын.

Орал қаласын тасқын суы жан-жақтан қоршай жайылған. Саяжайлар мен қала маңындағы ауылдарды су басып, жолдарды шайып кетті. Көптеген елді мекеннің тұрғындары эвакуациялық пункттерде көп су келетінін күтеді. ТЖ режимі Орал, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі және Теректі аудандарында жарияланды.

Тоғыз елдімекен Қаратөбе, Қосбаз, Аққозы, қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс және Ақтау көлік қатынасынсыз қалды. 3 294 саяжай үйін су басып, 13 819 адам, оның ішінде 5 725 бала эвакуацияланды. Эвакуациялық пункттерде 2 300 адам, туыстарында 11 519 адам тұрады.

Фото ашық дереккөзден алынды.