Жалған намыс па, әлде сорлылық па?

0
267

Түркияда 8 жасар Нарынның өліміне президентке дейін араласып,  халық шулап жатыр. «Қыздың өліміне қатысы бар» деген қыздың көкесі мен анасына лағынет айтылуда.  Көкесін тұтқындап,  бүкіл туыстарын бақылауда ұстап жатыр.

80 млннан астам халқы бар елде бұндай жағдайға халық қатты наразы.  Ал, 20 млн халқы бар біздің елде бұндай жағдайдың неше түрі болып жатыр.

Өткенде 16 жасар қызды зорлап, жезөкшелікке салғанда алғаш клиенті болған құқық қорғаудың қызметкері делінді.  Кеше Түркістан облысында мектеп мұғалімі 16 жасар қызды зорлап,  анасымен қоса өлтірді.  Ақтөбеде жасөспірімді бір топ бала ұрып өлтірді.  Оның бесеуі мұғалімнің баласы.

Айтпағым мынау: Неге қылмыскерлердің аты-жөні аталмайды? Неге халыққа жариялап масқара қылмайды.  «Тергеу құпиясы» деген сылтаумен қаншама қылмыс ізін суытып отыр, тиісті жазасын алмай отыр.

Бұл ешқандай да тергеу құпиясы емес, СОРЛЫЛЫҚ дер едім. Себебі тергеушілер сауатты іс жүргізе алмайды,  сарапшылар да білікті емес.  Сол себептен «Тергеу құпиясы» деп жасырады.

Тарихта ең әділ жүргізілген сот — Бішімбаевтың соты дер едім. Оның өзінде ең мықты қорғаушылар,  тергеушілер, судьялар қатысып,  бүкіл Қазақстан шулап жүріп әзер нүктесін қойды!

Барлық қылмыскер дәл солай жазасын алу керек,  халық алдында масқара болуы керек!

Айна КЕРЕЙ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.