Жаңа жыл мерекесіне қатысты ырым-тыйымдар
Жаңа жыл – бұл жаңашылдық пен үмітке толы мереке. Алайда әр халықта және әр отбасыда бұл күнге байланысты өзіндік сенімдер мен тыйымдар бар. Олар мерекенің сәтті өтуіне және келер жылдың табысты болуына көмектеседі деп санайды. Алдымен дастархан. Ал оған қандай тағамдарды қоюға болмайды деп жазады Democracy.kz тілшісі.
Біріншіден, құс етін көп пісірмеу. Құс етімен (тауық, үйрек, қаз) дайындалған тағамды жаңа жыл дастарқанына қоюдан кейбір халықтар бас тартады.
Бұл құстың артқа қарай ұшатын әдетіне байланысты, ал сенім бойынша, бұл алдағы жылдың табысы мен сәттілігі «кері ұшады» дегенді білдіреді екен
Екіншіден, ащы және қышқыл тағамдар. Тым ащы, тұзды немесе қышқыл тағамдар келер жылдың «ащысы мен тұзын» көбейтеді деген сенім бар. Сондықтан тәтті немесе бейтарап дәмдегі тағамдарды таңдау ұсынылады.
Жарамсыз және сапасыз тағамдарды да қоюға болмайды. Себебі, жаңа жыл дастарқаны тек таза және сапалы өнімдерден дайындалуы керек. Бұзылған немесе сапасыз тағамдар – бұл жаман энергияны және қиындықтарды шақырумен тең деп саналады.
Сондай- ақ, қара нан мен шошқа етінен жасалған тағамдар. Кейбір халықтарда қара нан мен шошқа етін жаңа жыл дастарқанына қоймау ұсынылады, себебі олар қаржылық қиындықтар мен ауыртпалықтарды білдіруі мүмкін.
Сонымен қатар жаңа жыл күні жасауға болмайтын дүниелерде бар
Үйде ұрыс-керіс болмауы керек. Барлық реніштерді және келіспеушіліктерді жыл соңына дейін шешіп алыңыз.
Түн ортасында жарықты өшірмеңіз. Бұл келер жылының сәттілігі мен үмітін өшіргенмен тең.
Маскүнемдікке жол бермеңіз. Бұл мереке қуаныш пен мейірімділік әкелуі керек, ал шамадан тыс ішімдік ішу жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін.
Қарыз қайтару немесе қарызға ақша беру келер жылда қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін деп сенеді. Сондықтан барлық қарыздарды мерекеге дейін қайтарған жөн.
Тағы бір қызығы, жаңа жыл күнінде тазалық жұмыстары жасалмайды, себебі, бұл бақыт пен молшылықты «шығарып тастау» деп есептеледі. Тазалау жұмыстарын мерекеге дейін аяқтау ұсынылады.
Сондай -ақ, жаңа жылда айтылған әр сөздің күші бар деп есептеледі. Егер мерекеде жаман сөз айтылса немесе біреумен ұрысып қалсаңыз, келер жылы осындай жағдайлар жиі қайталанады деп сенеді.
Ескі киіммен жүрмеу керек. Жаңа жылда таза және әдемі киіну маңызды. Ескі немесе жыртылған киім келер жылдың қаржылық қиындықтармен өтуіне себеп болуы мүмкін деп есептеледі.
Сонымен қатар, жаңа жылдың алғашқы күнінде үйден бір затты алып шығуға тыйым салынады. Бұл байлық пен берекенің жоғалуына әкеледі деген наным бар.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.