Жаназа – имамсыз да жасалатын асыл ғұрпымыз

0
1013

Орыс тілінде оны “обряды тризны” дейді. Барлық елде өзінің дәстүрлеріне лайықты жаназа салттары бар. Керек десеңіз, пілдердің де жаназа салты бар екен.

Олжас Сүлейменов “АзиЯ” кітабында жаназа салтын өзгерту өте қиын депті. Өйткені бұл ең киелі салт. Осыны ескере археологтар көне елдер арасында сабақтастықты орнатады.

Мысалы, сақтар мәйітті әдемі киіндіріп, ағаш табытпенен жерлейтін. Табыттары үйшік түрінде құрастырылатын. Оны біз табылған алтын адамдар қазбаларынан көреміз.

Христиан дінінде табыттары “гроб” болды, ақыреті әлі де жаңа болмаса да, таза біркиері болды. Қазақтар мәйіт отыра алатындай жердің астында үйшік қазып, оны қазылған көрден қоршап жауып қояды. Сөйтіп мәйіттің о дүниеде үйі болады.

Бұрын сақтар о дүниеде қажет болатын заттарды бірге көметін. Кейін ол қалды, бірақ жаназа ғұрпы әлі сол көне қалпында: қонақ асы, жетісі, қырқы, жылы…

Қазақ даласына келген молдалар дәстүрлерімізді бұза алмай, сол дәстүрлерге арапша құранды араластырып, өздері сыйлы адам болып жаназа ғұрыптарын басқаратын болып алды.

Бұрын молдалар ауылдарда тұрды, көрші-қонды таныған шығар, бірақ, бүгін өмірімізде бір көрген молда қайдан сыйлы адам болады? Жаназаны басқара да алмайды. Айтқандары жынның сөзі. Аруақты қорлау емес пе бұл?

Туысқандар ішінде сыйлы адамдар таусылып қалды ма? Қазақша жаназаға лайықты сөздер табылмайды ма? Неге алла атымен қайыршылықты заңдастырған молдалардың жетегінде жүреміз? Молда болмаса кім айтты жаназа шығарылмайды деп?

Молдаларды сүннеттен шектедік. Бұл операцияны тек білімді хирургтар істейді. Бұл ислам талабы емес, бұл көнеден қажет болған, елге жараған шара. Өлімнен де молдаларды шеттету керек! Алласы бақсын молдаларды!

Айгүл ҚОҚАЙ, журналист.

Фото көрнекілік үшін.